«Қазақ Титаны» қарсыласын брутальды нокаутпен жеңді
«Қазақ Титаны» лақап атымен танымал кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов (6-1, 3 КО) Бангкоктағы бокс кешінде керемет жеңіске жетті. Ол жергілікті спортшы Саксит Киджнукорнмен (1-3, 1 КО) суперорта салмақта жекпе-жек өткізді.
instagram/@qazaqtitan
Бірінші раундтағы нокаут
Алты раундқа жоспарланған айқас күтпеген жерден бірінші раундтың өзінде-ақ аяқталды. Алмат Жұманов тек 30 секунд өткенде қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал араға тағы бір минут салып брутальды нокаутпен кездесуді тәмамдады.
Жұмановтың жаңа жетістігі
Осылайша Алмат Жұманов өзінің кәсіби мансабындағы жетінші жеңісін тіркеді. Ал қарсыласы Саксит Киджнукорн төртінші рет жеңіліс тапты.
Қазақстандық боксшының бұл әсерлі жеңісі оны халықаралық аренада жаңа деңгейге көтеріп, жанкүйерлердің назарын тағы да өзіне аудартты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet