
Эквадорлық қорғаушы Пьеро Инкапье жақын арада "Реалдың" футболшысы атануы мүмкін. Ол Мадрид әуежайында көзге түсті.
“Байер” (Леверкузен) клубында ойнайтын Инкапье Хаби Алонсоның тактикалық жүйесіне сай келетін ойыншы саналады. Чемпионат.com порталының мәліметінше, трансферді дәл осы испандық маман өзі талап еткен.
Мадридтік клуб жуырда Дин Хёйсенді қатарға қосқанымен, тағы бір орталық қорғаушыны алғысы келеді. Мақсат – негізгі құрамдағы бәсекелестікті арттыру.
Пьеро Инкапьенің “Реалға” ауысуы жақын күндері ресми түрде жариялануы мүмкін. Көп сарапшы бұл келісімді Алонсоның “Реалдағы” ықпалының белгісі ретінде бағалап отыр.