
Формула-1-дің ең мықты пилоттары футбол алаңына шығып, спорт пен шоу-бизнес жұлдыздарына қарсы матч өткізді.
Гран-при алдындағы дәстүрлі қайырымдылық футбол матчында Формула-1 жарысының танымал пилоттары спорт пен шоу-бизнес өкілдерінен құралған командамен кездесіп, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын Монаконың әйгілі «Луи II» стадионында өтті.
Формула-1 командасының құрамында әлемге танымал пилоттар өнер көрсетті:
Олардың қарсыластары — спорт пен мәдениет саласындағы жұлдыздар болды:
Бұл матч жыл сайын өтетін «World Stars Football Match» қайырымдылық жобасы аясында ұйымдастырылды. Мақсат — 1993 жылы князь Альбер II және Мауро Серра негізін қалаған «Star Team for the Children MC» ұйымына қаражат жинау.
Аталған ұйым өмірде қиындық көрген балаларды қолдауға бағытталған жобалармен айналысады.
Ойын барысында Формула-1 пилоттары тек жарыс көлігін ғана емес, допты да шебер басқара алатынын көрсетті. Карлос Сайнс екі голмен көзге түссе, Шарль Леклер де жарақатына қарамастан, шабуылда белсенділік танытты.