Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мессидің керемет голы "Интер Майамиді" құтқарып қалды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 09:35

МЛС лигасындағы "Филадельфия" – "Интер Майами" кездесуі жанкүйерлерге голға бай нағыз шоу сыйлады. Бірақ матч соңындағы Мессидің шеберлігі барлық назарды өзіне аударды.

Ойын қалай өтті?

Бүгін таңертең АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Честер қаласында MLS аясындағы маңызды матч өтті. "Филадельфия Юнион" өз алаңында "Интер Майамиді" қабылдап, 3:3 есебімен тарқасты. 

Бірінші тайм – алаң иелерінің басымдығы

Кездесудің небәрі 7-минутында Қуинн Салливан есеп ашты. Америкалық жартылай қорғаушыға нәтижелі пас ұсынған – неміс қорғаушысы Кай Вагнер. Ал тайм соңында Тай Барибо өз есімін таблода тіркеді. 

Екінші тайм – "Интер Майамидің" қарсылығы

60-минутта "Интер Майамидің" аргентиналық шабуылшысы Тадео Алленде бір голмен жауап қатты. Бірақ 73-минутта Барибо қайта гол соғып, дубль жасады – есеп 3:1.

Месси және Сеговия – құтқарушылар

Матчтың 87-минутында Лионель Месси алыстан соққан әдемі голымен интрига қайтарды. Ал ойынға қосымша берілген уақытта Теласко Сеговия таразы басын теңестірді. Венесуэлалық жартылай қорғаушы алаңға қосалқы құрамнан шығып, Мессиден пас алған соң есепті 3:3 қылды.

Суарес, Альба, Бускетс – үнсіз қалған жұлдыздар

Команданың басқа танымал футболшылары – Луис Суарес, Жорди Альба және Серхио Бускетс 90 минут бойы алаңда болды. Бірақ бұл үштіктен нақты нәтижелі әрекет байқалмады.

Турнирлік жағдай

"Интер Майами" қатарынан төртінші ойында жеңіске жете алмай отыр. Соңғы алты матчтың бірінде ғана жеңіске жеткен Хавьер Маскераноның командасы 23 ұпаймен Шығыс конференциясының 6-орнында тұр. Ал "Филадельфия" 30 ұпаймен көш бастап келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір