Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қайраттың» бас бапкері қамалуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 16:34

Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбе» жанкүйерлеріне бейәдеп сөз айтқан. 

fckairat.com
fckairat.com

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін. Ол «Ақтөбе» жанкүйерлеріне айтқан бейәдеп сөздері үшін жазалану ықтималдығы жоғары. Бұл туралы «Серый Cardinal» телеграм-арнасы хабарлады. 

Даулы мәлімдеме – жауапсыз қалмайды

Telegram-дағы «Серый Cardinal» арнасының хабарлауынша, бапкердің эмоциялық түрде айтқан сөздері құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Бұл мәлімдемелер видеоға жазылып, дәлел ретінде тіркелген. Енді Уразбахтинге қатысты 5, 10 немесе 15 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.

«Рафаэль Радиковичтің сөздері тіркеліп қойды. Тұтқындалмаса да, жаза қолданылатыны анық. Кешірім сұрай ма, жоқ па – өз еркі, бірақ жауапсыз қалмайды», – делінген хабарламада.

Оқиға қалай басталды?

Оқиға Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турындағы «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы матчтан кейін орын алған. Ойын 2:1 есебімен алматылық команданың пайдасына аяқталған. Дегенмен, жеңіске жеткеннен кейін де эмоциялар басылмай, бапкердің жанкүйерлерге қарата айтқан сөздері үлкен резонанс тудырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір