Байқау! Алғашқы голдың авторын тап та, билет ұтып ал!

Сарапшы, спорт журналисі

Дәл тапқан алғашқы екі жанкүйер Қазақстан – Солтүстік Македония кездесуіне трибунадан тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Байқау! Алғашқы голдың авторын тап та, билет ұтып ал!
penalty.kz

Футболсүйер қауымға тамаша жаңалық! «Penalty.kz» және «Birgolkz» Telegram арналарында қызықты байқау жарияланды. Қатысушыларға бір ғана талап – «ПСЖ» мен «Интер» арасындағы матчта алғашқы голды кім соғатынын болжау.

Байқаудың басты жүлдесі — Қазақстан ұлттық құрамасының Солтүстік Македонияға қарсы ойынына 2 билет. Дұрыс жауап берген алғашқы екі адам бір-бір билеттен иеленеді. Толық ақпаратты осы жерден білуге болады. 

Қатысу шарттары қандай?

Қатысу үшін небәрі үш қарапайым қадамды орындау жеткілікті:

  1. Telegram-дағы екі арнаға жазылу:
    t.me/penalty_kz және t.me/birgolkz

  2. Матчта алғашқы голдың авторын болжау

  3. Тек бір ғана жауап қалдыру — қайтадан түзетуге болмайды

⛔ Өзгертілген немесе бірнеше рет жіберілген жауаптар қабылданбайды.

Мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Бұл — футбол жанкүйерлері үшін тамаша мүмкіндік. Тегін билет ұтып алуға асық! Сенің білімің мен жылдамдығың – сені трибунаға апара алады!

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір