Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Ақтөбе" – "Қайрат" матчы тағы да дау тудырды

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 21:10

Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турындағы "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы матч тек алаңдағы ойынмен емес, алаң сыртындағы жанжалмен де есте қалды. Матч 2:1 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталған. Бірақ осы кездесудегі бірнеше оқиға "Ақтөбе" клубының ашуын туғызып, әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жарияланды.

sportburo.kz
sportburo.kz

ҚФФ ережелері мен этика кодексі туралы ескерту

Ақтөбеліктер өз мәлімдемесінде, Қазақстан футбол федерациясының этика кодексіне (2-бөлім, 13-тарау) сілтеме жасап, ресми тұлғалар ФИФА, УЕФА және ҚФФ құжаттарында белгіленген тәртіптерді сақтауы тиіс екенін еске салды.

Олардың айтуынша, “Қайрат” клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин матч кезінде алаңнан қуылғанымен қоймай, жанкүйерлерге, соның ішінде балалар мен қарттарға дейін балағат сөз айтқан. Бұл – ашық әдепсіздік деп бағаланған.

Громыко мен Глэйзерге айып тағылды

Тағы бір даулы эпизод – “Қайрат” ойыншысы Валерий Громыконың қызыл қағаз алған соң трибунаға қарап шапалақтауы, яғни ұйымдастырушылардың адалдығына күмән келтіретіндей ишарат жасауы болды. “Ақтөбе” клубының пікірінше, бұл – жемқорлыққа күмән тудыратын әрекет. Этика кодексінің 10 және 40-тарауларында мұндай әрекет үшін жаза қарастырылған.

Сонымен қатар ойыннан кейін “Қайрат” футболшысы Дэн Глэйзер “Ақтөбе” ойыншысы Идрис Умаевты арандатқанымен жазаланбаған. Керісінше, Умаев қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.

Комитетке ресми шағым жолданды

Жоғарыда аталған жайттарға байланысты, ақтөбелік клуб барлық жағдайларды Қазақстан футбол федерациясының Мониторинг-тәртіптік және этикалық комитетінің назарына ресми түрде ұсынып, шұғыл шара қабылдауды талап етті.

“Біз әділеттілік пен ойын тәртібін сақтау үшін барлық заңды жолдарды пайдалануға ниеттіміз”, – делінген клубтың Instagram парақшасындағы жазбасында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір