Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Артём Дзюба «Қайратқа» келмейді!

Редактор Penalty.kz
01.06.2025, 22:04

Оның орнына ресейлік шабуылшы қазіргі командасы — «Акронмен» келісімшартты ұзартты. 

rusfootball.info
rusfootball.info

Ресейлік танымал шабуылшы Артём Дзюба «Қайрат» клубына ауысу мүмкіндігін кері қайтарып, қазіргі командасы — тольяттилік «Акронмен» келісімшартын тағы бір жылға ұзартты. Бұл ақпарат клубтың ресми Telegram-арнасында жарияланды.

Дзюба “Акронда” қалуды жөн көрді

36 жастағы тәжірибелі футболшы 2024/25 маусымында Ресей Премьер-лигасы мен Ресей кубогында 24 матч өткізіп, 10 гол соқты. Наурыз айында «Крылья Советов» командасына қарсы кездесуде кәсіби мансабындағы тарихи голын соғып, ресейлік футбол тарихындағы ең үздік бомбардир атанды.

“Қайрат” оны қатарына қосқысы келді

Көктемде БАҚ беттерінде Артём Дзюбаның «Қайратқа» ауысуы мүмкін деген ақпараттар тараған болатын. Бұл мәліметті алматылық клубтың иесі Қайрат Боранбаев та растаған еді. Оның айтуынша, «Қайрат» шабуылшыны трансферлік тізімге енгізіп, келіссөздер жүргізуге ниет білдірген.

Алайда Дзюба Ресейде қалуды жөн көріп, «Акрондағы» мансабын жалғастыруды жөн көрген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір