
Ақтауда аяқталған қылмыстық іс отандық футболда бұрын-соңды болмаған дау-дамайдың бетін ашты. "Каспий" ФК бұрынғы директоры Ержан Жаңбыров бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін "Каспий" клубының есепшотынан заңсыз түрде 20 279 100 теңге шешілген. Бұл қаражат ешқандай ресми құжатсыз клубтың бас менеджері Данияр Боранбаевтың жеке есепшотына аударылған.
Осы соманың ішінде 11,9 миллион теңгені Ержан Жаңбыров өз пайдасына шешсе, 8,37 миллион теңгені Боранбаев иемденгені анықталды. Кейінірек тергеу барысында Боранбаев бір мезетте айыпталушы әрі жәбірленуші ретінде қаралды.
Тергеу нәтижесінде Жаңбыровтың әрекеті жалғыз болмағаны анықталды. Ол үш адаммен — Сәкен Смағұл, Асқын Қауымбаев және Мейрам Оразұлымен алдын ала сөз байласқан. Жалған келісімшарттар жасалып, қызмет көрсетпеген жалған жеткізуші тартылған.
Сот үкіміне сәйкес: