Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Криштиану Роналду әлемдік рекордты жаңартып, Мессиден озып кетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.06.2025, 08:41

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір тарихи жетістікті бағындырды. Ол ұлттық құрамалар арасындағы голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты.

Криштиану Роналду Германияға қарсы өткен Ұлттар лигасының жартылай финалында (2:1) Португалия құрамасы үшін 137-голын соқты. Бұл нәтиже оны ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан футболшы ретінде тағы да биікке шығарды.

Мессиді шаң қаптырып кетті

Аргентина жұлдызы Лионель Месси ұлттық құрамада 112 голмен екінші орында тұр. Осылайша, Роналду басты қарсыласынан 25 голға артық көрсеткішпен алға шықты.

40 жастағы Роналду кәсіби мансабындағы 937-ші голын соқты. Оның ішінде:

  • 800 голы – клуб деңгейінде,
  • 137 голы – Португалия құрамасы үшін.

Бұл статистика — футбол тарихында сирек кездесетін көрсеткіш.

Финалдағы қарсылас — Испания немесе Франция

Португалия құрамасы Ұлттар лигасының финалында Испания мен Франция арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл матчта Роналду тағы бір рет әлемді таңғалдырып, рекордын ұлғайта ала ма — футболсүйер қауым асыға күтуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 23
👎 0
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір