"Астана" Еуропадағы ең табысты клубтардың жүздігіне кірді
УЕФА 2024/2025 жылғы маусымдағы еурокубоктардан түскен қаржылық табыстар бойынша ресми есебін жария етті. Еуропа аренасындағы ең табысты клубтардың қатарында қазақстандық "Астана" клубы да бар.
sportnews.kz
Чемпиондар лигасындағы алыптар қанша тапты?
Ең көп табысқа ие болған – Францияның "Пари Сен-Жермен" клубы. Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін клуб 148,2 миллион еуро алады.
Күміс жүлдегер – "Интер" (Италия), оның табысы – 136,6 миллион еуро.
Үшінші орында – "Арсенал" (Англия), бұл клуб маусымнан 117 миллион еуро пайда көрді.
"Астана" топ-100 ішінде жалғыз қазақстандық клуб
Қазақстан намысын қорғаған "Астана" ФК еуромаусымнан 5,8 миллион еуро табыс тауып, Еуропадағы ең табысты 100 клубтың қатарына енді.
КСРО құрамында болған елдер клубтарының ішінде:
- Донецкінің "Шахтер" клубы – 41,3 миллион еуро
- Киевтің "Динамосы" – 11,4 миллион еуро шамасында пайда тапты.
"Шахтер" бәсекелесінен 30 миллион еуроға жуық артық табыс тапты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet