Жанжал құны қымбатқа түсті. Умаевқа — 5 матч, Оразбахтинге — рекордтық айыппұл
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) тәртіптік-бақылау комитеті (ТБК) "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасында 11-турдағы тәртіп бұзушылықтар бойынша шешім шығарды. Көпшілік күткендей, матчтан кейін үлкен резонанс тудырған жанжал футболшылар мен бапкер үшін қатаң жазамен аяқталды.
Дисквалификациялар мен айыппұлдар
"Серый CARDINAL" телеграм-арнасы хабарлағандай:
- Идрис Умаев (Ақтөбе) — 5 матчқа дисквалификация;
- Рафаэль Оразбахтин (Қайрат) — 4 ойынға шеттетілу, сонымен қатар 150 АЕК айыппұл арқалады;
Екі тарап та қоғам алдында кешірім сұрап үлгерді. Сондықтан жазаны 2 турдан кейін қысқарту ықтималдығы бар. Бірақ ол үшін клубтар ресми апелляция түсіруі тиіс.
Клубтарға да жаза бар
Тәртіптік комитеттің шешімімен:
- "Ақтөбе" клубы: Қауіпсіздік шараларын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін – 200 АЕК;
- Көрермендердің тәртіпсіз әрекеттері үшін – 500 АЕК айыппұл төлейді.
- Валерий Громыко ("Қайрат", Беларусь легионері) — жанкүйерлерге жасаған арандатушы ишарасы үшін 75 АЕК айыппұл төлеуге міндеттелді.
Ойын барысы мен жанжал
Матч 2:1 есебімен "Қайраттың" жеңісімен аяқталған. Дегенмен ойын сападан бұрын қызыл карточкалар мен тәртіпсіз сәттерімен есте қалды.
Умаев, Громыко және Оразбахтин төрешілердің шешімімен алаңнан қуылған негізгі тұлғалар болды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.