Өзбекстан құрамасының шабуылшысы "Ромадан" кетті
"Рома" (Италия) клубының шабуылшысы, Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Эльдор Шомуродов енді мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады.
Аренда + міндетті сатып алу шарты
Футболшы “Истанбул Башакшехир” клубына маусым соңына дейін жалға берілді. Бұл ақпаратты футбол инсайдері Николо Скира әлеуметтік желіде (бұрынғы Twitter – X) растады.
Шомуродовты жалға алу келісімінде міндетті түрде сатып алу құқығы қарастырылған. Егер келісімшарттағы белгілі бір талаптар орындалса, түрік клубы футболшыны €7 миллион еуроға (бонуспен бірге) толық сатып алуға міндетті болады.
Статистикасы — тұрақты шабуылшы деңгейінде
2024/2025 жылғы маусымда 30 жастағы өзбекстандық шабуылшы:
-
А сериясында:
27 матч | 4 гол | 4 ассист -
Еуропа Лигасында:
8 матч | 2 гол | 1 нәтижелі пас
Бұл көрсеткіштер Шомуродовтың әлі де жоғары деңгейдегі ойыншы екенін дәлелдейді.