"Бавария" КӘЧ жорығын аяқтап, команда көшбасшысының аяғын сындырып алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Мюнхендіктер үшін клубтық әлем чемпионатының ширек финалы сәтсіз аяқталды. Венсан Компанидің командасы ПСЖ-дан жеңілгені былай тұрсын шабуылдаушы жартылай қорғаушы Джамал Мусиала ауыр жарақат алды.

"Бавария" КӘЧ жорығын аяқтап, команда көшбасшысының аяғын сындырып алды (ВИДЕО)
daznsevices.com

Доннаруммамен соқтығысқан сәт

Ойынның бірінші таймы аяқталуға жақын қалған сәтте ПСЖ қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммамен соқтығысқан Мусиала ауыр жарақат алып, ойыннан бірден шеттетілді. Оны алаңнан зембілмен алып кетті. Ал Доннарумма көз жасын тыя алмай, алаңнан тікелей киім ауыстыратын бөлмеге кетті.

Матч барысы

Аталған ойын клубтық әлем чемпионаты-2025 ширек финалының бір бөлігі. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен "Бавария" мен ПСЖ арасындағы текетіресте париждіктер жеңіске жетті. 

74-минутта Дезире Дуэ және матчтың соңында 97-минутта Усман Дембеле гол соқты. 
Луис Эниркенің шәкіртері жартылай финалда "Реал" – "Боруссия" кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір