Чемпиондар лигасы қарсаңында — "Қайрат" Словенияға жетті (ВИДЕО)
"Қайрат ФК УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынына дайын. Алматылық ұжым Люблянаға келіп қонды.
Команда сапары сәтті өтті
Алматылықтар алғашқы іріктеу кезеңінде "Олимпия" (Любляна) клубына қарсы ойын үшін Словенияға келді.
"Команда сәтті түрде Люблянаға жетті. Алда үлкен ойын!" — деп жазды "Қайраттың" Instagram парақшасы.
Матч қашан өтеді?
"Олимпия" мен "Қайрат" арасындағы ойын 8 шілде сейсенбі күні өтеді. Кездесудің басталуы – Астана уақытымен сағат 22:00-де. Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Қарымта матч 15 шілде күні Алматыда өтеді.
Қазақстан атынан Еуропаға кімдер шықты?
Биылғы маусымда Қазақстаннан Еуропа аренасына төрт команда қатысуда:
- "Қайрат" – УЕФА Чемпиондар лигасы
- "Ақтөбе" – УЕФА Еуропа лигасы
- "Ордабасы" – УЕФА Конференциялар лигасы
- "Астана" – УЕФА Конференциялар лигасы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.