
"Арсенал" трансферлік нарықта тағы бір маңызды қадам жасады. Команда испаниялық тірек жартылай қорғаушы Мартин Субимендиді өз сапына қосты.
Лондондық клубпен 26 жастағы жартылай қорғаушы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін танымал инсайдер Фабрицио Романо ағылшын клубы испаниялық ойыншы үшін шамамен 65 миллион еуро төлеуге келіскенін хабарлаған еді.
Transfermarkt порталы жартылай қорғаушыны 60 миллион еуроға бағалап отыр. Бұл сома бірнеше кезеңмен аударылады.
Келісімшарт арқылы «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета командасының орталық алаңындағы басты ойыншылар – Томас Парти мен Жоржиньоның орнын біртіндеп Субименди мен ықтимал жаңа ойыншы Кристиан Нергормен жаңартпақ.
Мартин Субименди — "Реал Сосьедадтың" түлегі. Жартылай қорғаушы сан-себастяндық ұжымда 2019 жылдан бері ойнап, 236 матч өткізді. Испания кубогының иегері атанды. Өткен маусымда 48 матчта 2 гол мен 2 нәтижелі паспен көзге түсті.
"Мен "Арсеналды" таңдадым, себебі олардың ойын стилі маған сай келеді. Соңғы уақытта олар өз әлеуетін көрсетті", — деп келтіреді Субимендидің сөзін "Арсеналдың" ресми сайты.
Мартин Субименди — позициялық футболды басты тактика ретінде ұстанатын командалар үшін мінсіз тірек жартылай қорғаушы. Ол:
Испания ұлттық құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте Субимендиді өз позициясында әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі, нақтырақ айтқанда — Родриден кейінгі екінші деп бағалаған.