"Астана" Талдықорғанда жеңіске жетіп, көшбасшылықты қайтарып алды (ВИДЕО)
Қазақстан Премьер-Лигасының 15-турында елордалық "Астана" сырт алаңда "Жетісуды" тізе бүктіріп, турнир кестесінде бірінші орынға қайта көтерілді.
Instagram/@fca.astana
Бірінші тайм – соққылар мен сенімді сәт
Талдықорғанда өткен матчтың алғашқы бөлігінде алаң иелері бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Алайда таймның соңғы минуттарында ойынды өз қолына алған қонақтар есеп ашты. Назми Грипши айып алаңы сыртынан керемет гол соқты.
VAR – Марин Томасовтың голын жоққа шығарды
Елордалықтар үзлістен кейін қарқын қосып, Марин Томасов есепті еселей түскен болатын. Бірақ гол VAR жүйесі арқылы жойылды. Ойын қарқыны бәсеңдемей, қос тарап шабуылға шықты.
Чинеду – матч нүктесін қойды
Матч соңына таман Джеффри Чинеду шеберлік танытып, есепті 0:2-ге жеткізді. Бұл гол "Астананың" сенімді жеңісін бекітті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet