
Қазақстан құрамасы мен "Тобылдың" көшбасшысы Ислам Чесноков жеке өмірінде маңызды қадамға барды. Ол бірнеше жыл бірге жүрген сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады.
Ислам сүйіктісі Дианаға ұсыныс жасап, қыз келісімін берген. Ерлі-зайыпты болуға шешім қабылдаған жұптың махаббат хикаясы бірнеше жыл бұрын басталған.
Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Диана — Беларусь елінен шыққан ару. Ол жақта Ислам 2021 жылы "Белшина" клубында ойнап жүрген кезде танысқан.
Ислам Чесноков мансаптық жаңа белеске де дайындалып жатыр. Жақын арада оның Шотландияның "Хартс" клубына ауысуы мүмкін екені айтылуда. Болжам бойынша, трансфер қараша айында жүзеге асады.
Еуропалық клубтардан сұранысқа ие бола бастаған шабуылшы үшін бұл үлкен мүмкіндік болмақ. Ал өмірлік серігін жанында алып жүру — Ислам үшін рухани қолдаудың кепілі.