
Мадридтіктер шабуылшы Родриго Гоэспен жазда қош айтыспақ.
2025 жылғы клубтық әлем чемпионаты кезінде бапкер Хаби Алонсо Родригоны негізгі ойыншы ретінде қарастырмайтыны белгілі болды. Осыдан кейін клуб президенті Флорентино Перес футболшыны сату туралы шешім қабылдаған. Бірақ бұл келісім тек бір шартпен жүзеге асады.
Don Balon мәліметінше, Перес Родригоны "Манчестер Сити" мен "ПСЖ" клубтарына сатуға үзілді-кесілді қарсы. Себеп — ұзақ жылдан бері жалғасып келе жатқан бәсекелестік және бұл командалардың Еуропадағы басты қарсылас саналуында. Тіпті 80 миллион еуро немесе одан да жоғары ұсыныс түссе де, бұл клубтарға сатуға табу қойылған.
Ағымдағы ақпараттарға сүйенсек, Англияның "Арсеналы" да Родригоға қызығушылық танытып отыр. Олар өткен маусымда Чемпиондар лигасы плей-оффында" Реалды, жарыстан шығарған еді. Сондықтан мадридтіктер үшін бұл трансфер эмоционалдық жағынан да күрделі шешім болмақ.
Ең қолайлы нұсқа — Родригоны араб клубтарының біріне сату. Бұл жағдайда ойыншының жеке келісімі де маңызды рөл атқарады.
"Реалдың" басты мақсаты — Родригоны сату арқылы басқа трансферлерге қаржы табу. Ал Родриго болса, жаңа командадан негізгі құрамдағы орын мен жоғары деңгейдегі ойын тәжірибесін күтеді.
Еске салсақ, "Реал" Родригоны 72 миллион еуроға сатып алған болатын.