"Ордабасы" УЕФА Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Қарсыласы Грузияның атақты "Торпедо"(Кутаиси) клубы болды.
Шымкенттіктер алғашқы минуттарда бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда есепті бірінші болып грузиндер ашты. Бьорн Йонсен дәл соққысымен "Ордабасыны" жазалады.
Бірақ шымкенттіктер жауапсыз қалмады. Үш минут ішінде екі бірдей гол соғып, есепте алға шықты. Алдымен Михай Кэпэцынэ, артынша Лука Имнадзе көзге түсті.
Тайм соңына қарай тағы бір сәтті стандарт орындалып, Матей Шимич бұрыштамадан берілген пасты голға айналдырды — 2:2.
Матчтың екінші бөлігінде "Ордабасы" қарқынын күшейтіп, қарсылас алаңында прессинг көрсетті. Бұл әрекет өз жемісін берді. Сағадат Тұрсынбай командасын қайтадан алға шығарды — 2:3.
Алайда грузиндер де берілмеді. Норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен дубль авторы атанып, есепті теңестірді.
Матч тағдыры 94-минутта шешілді. Бұрыштама сәтінде тағы да Матей Шимич гол салып, "Торпедоғы" маңызды жеіңіс сыйлады — 4:3.
Қарымта кездесу 17 шілде күні Шымкенттегі орталық стадионда өтеді.