
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жаңа трансферлік кезеңнің басты жаңалықтарының біріне айналды.
Мәскеудің "Спартак" ФК спорт директоры Франсис Кахигао Ыстамбұлға арнайы барып, "Бешікташ" басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Келіссөздердің басты тақырыбы — жартылай қорғаушылар Бақтиер Зайнутдинов пен Жедсон Фернандештің Ресей клубына ауысу ықтималдығына арналды.
Зайнутдиновтың трансфері бойынша бастапқы ұсыныс үш миллион еуро болған. Алайда "Бешікташ" бұл соманы жеткіліксіз деп тауып, кемінде бес миллион еуро талап етіп отыр.
Ал португалиялық Фернандешке қатысты "Спартак" 25 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасаған. Футболшы Ресейге ауысуға дайын.
Бақтиер Зайнутдинов, 27 жаста, 2024/25 маусымында "Бешікташ" сапында 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
Жедсон Фернандеш, 26 жаста, өткен маусымда 49 кездесуде алаңға шығып, 12 гол соғып, 3 ассист жасады.