ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

3000 жанкүйер қарсы болған трансфер

Ағылшындық вингер Нони Мадуэке "Арсеналға" ауысады. Бұл ақпаратты трансферлік инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында растады.

3000 жанкүйер қарсы болған трансфер
sport-pulse.kz

Журналистің мәліметінше, трансфер құны 58 миллион еуроға бағаланып отыр, ал ойыншының келісімшарты 2030 жылға дейін есептелген.

«Мадуэке – Арсеналдың ойыншысы. Құжаттар рәсімделіп жатыр, тараптар толық келісімге келді», – деп жазды Романо Twitter парақшасында.

22 жастағы шабуылшы 2023 жылы «Челси» құрамына қосылып, команда үшін барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Жанкүйерлер неге қарсы?

Бұл трансфердің айналасында әлеуметтік желілерде үлкен шу көтерілді. «Арсенал» жанкүйерлерінің бір бөлігі Мадуэкенің келуіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Change.org платформасында пайда болған петицияны 3 мыңға жуық адам қолдап, оның «Арсенал» жейдесін киюіне қарсы екенін білдірді.

Петицияда нақты себептер көрсетілмесе де, жанкүйерлер Мадуэкенің ойыны мен тәртібіне күмәнмен қарайтыны аңғарылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.