ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

Криштиану Роналду "Әл-Насрдың" жаңа бас бапкерін құттықтады

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа бас бапкер Жорже Жезуштың тағайындалуына байланысты пікір білдірді. 

Криштиану Роналду "Әл-Насрдың" жаңа бас бапкерін құттықтады
zakon.kz

Жорже Жезуш бір маусымға келісімшартқа отырды

14 шілде күні "Әл-Наср" ресми түрде португалиялық маман Жорже Жезуштың бас бапкер қызметіне келгенін жария етті. Келісімшарт мерзімі — бір маусым.

Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында:

"Қош келдіңіз, мырза Жорже Жезуш!" — деп жазды.

Жорже Жезуш бір маусымға келісімшартқа отырды

Жорже Жезуш кім?

70 жастағы тәжірибелі бапкер өз карьерасында Португалияның "Бенфика", Бразилияның "Фламенго", Түркияның "Фенербахче"секілді атақты клубтарын басқарған.

Жезуш Сауд Арабиясына да жат емес. Ол 2018–2019 және 2023–2025 жылдар аралығында "Әл-Хилал" клубының тізгінін ұстаған. Осы уақыт аралығында:

  • Сауд Арабия чемпионатын жеңіп алды;
  • Ел Кубогын еншіледі;
  • Үш мәрте Суперкубокқа қол жеткізді.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.