Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ламин Ямалдың туған күн кеші тағы дауға ілікті

Редактор Penalty.kz
15.07.2025, 08:30

Каталониялық «Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямалдың 18 жасқа толуы  Испанияда үлкен қоғамдық резонанс тудырып отыр.

gazzetta.it
gazzetta.it

13 шілде күні Ламин Ямал туған күнін отбасылық түскі аспен бастап, кешті жекеменшік виллада жалғастырды. 200-ден астам қонақ жиналған кешке футболшылар мен шоу-бизнес өкілдері шақырылған. Алайда басты назарды қонақтар емес, модель - Клаудия Кальвоның кеш ұйымдастыруына қатысты шулы мәлімдемесі аударды.

gazzetta.it

«Кеуде өлшемі мен шаш түсіне қарады»: Кальво сұрыптау шартын ашты

Испаниялық модель Клаудия Кальво "Telecinco” арнасындағы "TardeAR" бағдарламасына берген сұхбатында Ямалдың кешіне қыздарды таңдау үдерісі туралы айтты. Оның айтуынша, кеш ұйымдастырушылары модельден 12 қыз жинауды сұраған.

«Олар көбінесе кеуде өлшеміне және шаш түсіне қарайтын», – деді Кальво.

Қомақты сыйақы мен құпия төлем карталары

Кальвоның сөзінше, кешке шақырылған қыздарға  сыйақы уәде етілген. Бұл қаражат арнайы берілетін жеке шығындарға арналған банктік картаға аударылуы тиіс болған.

«Маған бұл екі таңбалы нақты сома екені айтылды : 10 мен 20 мың еуро арасы. Саған арнайы карта беріледі. Бірақ оны алған кезде сен не күтіп тұрғанын, не талап етілетінін білмейсің. Мен бұл кешке барғым келмеді. Әлі күнге дейін не болғанын ешкім анық білмейді, ал мен өз атымды белгісіз жобаға қатыстыруға дайын емеспін», – деп бөлісті модель.

Кеш ұйымдастыру тарапынан ресми талаптар ашық айтылмаған. Бұл жағдай модельдің өзінде де күмән тудырған.

Кешке қатысты пікір – әлі де жоқ

Ламин Ямал да, оның өкілдері де, сондай-ақ «Барселона» клубы да бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеді. Әлеуметтік желілерде бұл мәлімдеме қызу талқыланып, көпшілік этикалық нормалар мен футболшы беделіне қатысты алаңдаушылық білдіруде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір