
Қазақ әдебиетінің алыбы жас күнінде футбол ойнаған! Ол 16 жасында Семейдің алғашқы футбол командасы «Ярышта» жартылай қорғаушы ретінде алаңға шыққан.
«Абай жолы» эпопеясының авторы Мұхтар Әуезов футбол ойнағанын білесіз бе? Қазақ әдебиетінің алыбы жас күнінде ала допты ұршықша иіріп, жартылай қорғаушы ретінде жасыл алаңда өнер көрсеткен. Бұл туралы Qalambalam tiktok арнасы хабарлады.
XX ғасырдың басында, нақтырақ айтқанда осыдан 112 жыл бұрын, бар болғаны 16 жастағы Мұхтар Әуезов Семей қаласындағы «Ярыш» (Жарыс) футбол командасының сапында алғашқы ресми ойынына шыққан. Бұл команда — Қазақстан футболының алғашқы қарлығаштарының бірі саналады. Мұхтар сол ұжымның жартылай қорғаушысы ретінде доп тепкен.
Егер 1917 жылы азамат соғысы мен елдегі тұрақсыздық болмағанда, бәлкім біз Әуезовті тек қаламгер емес, футболшы ретінде де таныр ма едік? Себебі ол кезде спорттық ұйымдар жұмысын уақытша тоқтатқан еді.