Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

16 жастағы футболшы Ямаль мен Пелені артта қалдырды

Редактор Penalty.kz
18.07.2025, 17:56

мексикалық Жилберто Мора ұлттық құрамамен трофей жеңіп алған ең жас ойыншы атанды. Ол бұл жетістігімен Ламин Ямалды да, Пелені де артта қалдырды!

sportnews.24tv.ua
sportnews.24tv.ua

Мексика ұлттық құрамасының жас жұлдызы Жилберто Мора КОНКАКАФ Алтын кубогының финалында алаңға шығып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол құрамамен трофей жеңіп алған ең жас ойыншы атанды. Осылайша, испандық Ламин Ямалды артта қалдырды.

Мексика – 13 дүркін чемпион!

17 шілде күні өткен КОНКАКАФ Алтын кубогының финалында Мексика құрамасы АҚШ-ты жеңіп, тарихындағы 13-інші чемпиондығын тойлады. Бұл – Солтүстік және Орталық Америка футболындағы рекордтық нәтиже.

Жас батыр – Жилберто Мора

2008 жылы туған Жилберто Мора – финалдағы басты сенсациялардың бірі. Ол ұлттық құрама сапында чемпиондық титулға ие болып, футбол тарихында аты алтын әріппен жазылатын үштіктің көшін бастады:

Ең жас чемпиондар тізімі:

  1. Жилберто Мора (Мексика) — 16 жас, 265 күн
  2. Ламин Ямаль (Испания) — 17 жас, 1 күн
  3. Пеле (Бразилия) — 17 жас, 249 күн

Тарих қайта жазылды

Бұған дейінгі рекорд Ламин Ямалға тиесілі болған. Ол Еуро-2024 финалында Испания құрамасымен чемпион атанғанда бар болғаны 17 жас, 1 күн болған еді. Ал Мора бұл көрсеткішті бірнеше айға ерте жаңартты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір