Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Матчтан кейін кешірім сұрайсың!" Жеңіс" директоры комментаторға шүйлікті

Редактор Penalty.kz
19.07.2025, 18:12

Aladop арнасының сарапшысы "Елімай" жеңіске жетеді деп батыл болжам жасағаны үшін "Жеңіс" клубының бас директоры Айдын Қожахметтен қоңырау түскен. 

Qaz365.kz
Qaz365.kz

Танымал журналист әрі футбол сарапшысы Ермұхаммед Мәулен ҚПЛ матчына қатысты болжамы үшін келеңсіз жағдайға тап болды. Журналист Aladop YouTube арнасында "Елімай" өз алаңында "Жеңісті" жеңеді деп айтқан болжамы үшін "Жеңіс" клубының директорының ескертуін алғанын мәлімдеді.

Даудың басы неден басталды?

Жуырда Aladop youtube арнасында танымал комментатор алдағы ҚПЛ матчтарына соның ішінде "Елімай" мен "Жеңіс" арасындағы ойынға қатысты ойымен бөліскен болатын. 

"Елімай" - "Жеңіс" арасындағы матч. Бұл бір кеңседе отырған үш-төрт адамның командасы, білесіздер. Асқар Уранхаев басқаратын бір біртүрлі команда. "Елімай" командасы және оның айтқанының барлығын істейтін, айтқаннан шықпайтын, қол баласы Давид Лория баптайтын, басқаратын "Жеңіс" кездеседі. Әлбетте, "Жеңіс" командасы бұл матчтан ұпай алуға ешқандай құлқы да, зауқы да соқпайтын шығар. Сондықтан "Елімай" командасының тап-таза жеңісі" - деген болатын Ермұхаммед Мәулен. 

Клуб директоры қоңырау шалды

Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, "Жеңіс" клубының директоры Айдын Қожахмет оған хабарласып, болжамы үшін наразы екенін білдірген.

«Ешқандай да келісілген ойын емес, "Елімайдан" ұпай аламыз. Матчтан кейін кешірім сұрап пост жазасың», — деп ескерткен директор.

Сарапшы бұл талаппен келіскенін жасырмады.

«Көрейік ал кім жеңетінін. "Елімай" ұтпаса кешірім сұрауға дайынмын! » — деді жазды Ермұхамед Мәулен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, "Елімай" - "Жеңіс" арасындағы матч дәл дәл қазір өтіп жатыр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір