ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Кел, бірге-бір шығасың ба?" — Асхат Тағыберген матч кезінде жанкүйерге сес көрсетті (ВИДЕО)

"Тобыл" ФК капитаны Асхат Тағыберген мен "Ақтөбе" жанкүйері арасында ҚПЛ матчында келеңсіз жағдай болды. Футболшы ойын кезінде трибунадағы жанкүйермен сөзге келіп, ашық түрде "жекпе-жекке" шақырған.

"Кел, бірге-бір шығасың ба?" — Асхат Тағыберген матч кезінде жанкүйерге сес көрсетті (ВИДЕО)
instagram/@fctobol

Матч барысында эмоция бұрқырады

Оқиға Қазақстан Премьер-Лигасының “Тобыл” – “Ақтөбе" матчы кезінде болған. Кездесудің соңына қарай ауыстырылған Асхат Тағыберген алаңнан шығып бара жатып, трибунада отырған жанкүйерлердің біріне бұрылып:

"Кел, бірге-бір шығасың ба?"— дегені анық естілген.

Бұл сәт бейнежазба арқылы желіде таралып, қызу талқыға түсті.

Жанкүйер мен капитан: кімнің эмоциясы шектен шықты?

Бейнежазбада Асхаттың ашуланған кейіпте жанкүйерге сес көрсеткені байқалады. Қандай сөздер айтылғаны және трибунадағы жанкүйердің нақты не дегені белгісіз. Алайда оқиға ойыншы мен жанкүйер арасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы сұрақ туындатты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.