
Пол Гаскойн есінен танып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол реанимацияда жатыр.
58 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушы, “Тоттенхэм” және “Ньюкасл” клубтарында ойнаған Пол Гаскойн Англияның Пул қаласындағы жеке үйінде ұйықтап жатқан бөлмесінде ессіз күйде табылған.
Оны алғаш болып үй шаруасына көмектесіп жүрген ескі досы Стив Фостер көрген. Ол бірден жедел жәрдем шақырып, футболшыны ауруханаға жеткізуге жәрдемдескен.
Mirror басылымының мәліметіне сәйкес, Пол Гаскойн дереу жансақтау бөліміне жеткізілген. Дегенмен дәрігерлер оның жағдайы тұрақты, әрі сауығуға бет алғанын мәлімдеді.
“Гаскойннің жағдайы бақылауда. Ол бірнеше күн ауруханада жатып, содан кейін үйіне оралады деп күтілуде”, – делінген ресми ақпаратта.
Пол Гаскойн – ағылшын футболының нағыз символдарының бірі: