Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан құрамасының бапкері миллиондап заңсыз жалақы алған ба?

Редактор Penalty.kz
22.07.2025, 18:34

Футболдағы кезекті дау Солтүстік Қазақстан облысынан шықты. Петропавлдың "Қызылжар" клубында басшылық ауысқаннан кейін заңсыз қаржылық операциялар әшкере болды.

kff.kz
kff.kz

Жасырын келісімшарттар және заң бұзу

Мәселе Әли Әлиевтің клубтағы бапкерлік қызметіне қатысты. Ол 2023 жылдың 1 маусымында ресми түрде бас бапкер болып тағайындалып, 6,5 миллион теңге жалақы алуға келісім жасасты. Бұл құжат заңды түрде ҚФФ мен ҚФЛ-де тіркелген.

Алайда 2024 жылдың 3 қаңтарында екінші келісімшарт жасалып, жалақысы 10 миллион теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар еңбек шарты 2025 жылдың соңына дейін ұзартылған.

Сот материалдарына сәйкес бұл жалақы көлемі 2024 жылғы штаттық кестеге қайшы болған. Онда бас бапкердің айлық жалақысы 1 миллион теңге деп бекітілген.

Екі келісім — бір бапкер

Бір қызығы екінші келісімшарт тіркелмеген, ал біріншісі ресми түрде бұзылмаған. Осылайша бір тұлғаға қатысты екі белсенді келісімшарт қатар өмір сүріп келген.

Сот Әлиевтің жалақысын алғашқы заңды келісім бойынша қайта есептеп, 2024 жылғы келісімді жарамсыз деп таныды.

337 миллион теңге қарыз және жүйесіз есеп

Клубтың жаңа директоры Николай Паниннің бастамасымен жүргізілген аудит барысында келесідей олқылықтар анықталған:

  • Мемлекеттік салық органдарына және әлеуметтік қорларға 337 миллион теңге қарыз
  • 1С жүйесінде қаржылық есеп жүргізілмеген
  • Бюджет шығындарына бақылау болмаған
“Қызылжар” ФК директоры Николай Панин. ФОТО: QFL.kz

Лорияның жауабы мен қылмыстық іс

Бұрынғы президент Григорий Лория сотта жауап беріп, бұл шешімдерді өз өкілеттігі аясында қабылдағанын, ешкіммен ақылдаспағанын мәлімдеді. Ол Алиевтің басқа клубтарға кетіп қалмауы үшін жалақысын өсіргенін айтты.

Аталған іске қатысты ҚР ҚК 189-бабы бойынша (ірі көлемде қаржы жымқыру) қылмыстық іс қозғалды.

Құрамадағы нәтижесіз бастама

Әли Әлиев 2025 жылдың қаңтарында Қазақстан ұлттық құрамасының уақытша бас бапкері қызметіне кірісті. Бірақ алғашқы нәтижелер көңіл көншітпейді:

  • Уэльске – 0:3
  • Лихтенштейнге – қиын жеңіс (2:1)
  • Беларусьпен жолдастық матч – 1:4

Қазір Қазақстан құрамасы J тобында 3 ұпаймен 4-орында тұр.

Ұлттық құрама 4 қыркүйекте “Астана Аренада” Уэльске қарсы кездеседі. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір