ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Өзбекстандық жұлдыз Түркияға ауыса алмады

Мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы, өзбек футболының үміті Аббосбек Файзуллаевтың "Истанбул Башакшехирге" ауысуы екіталай.

Өзбекстандық жұлдыз Түркияға ауыса алмады
anhor.uz

Медтексеруден өте алмады ма?

Футбол агенті Алексей Сафоновтың айтуынша, түркиялық клуб пен ойыншы арасындағы келісім медициналық тексерістен кейін бұзылуы ықтимал.

“Аббос үшін “Истанбул” жақсы нұсқа болар еді. Бірақ менің таныстарымнан естігенім — ол медтексеруден өте алмаған. Егер бұл расталса, трансфер болмайды. Жалпы, ол маған футболшы ретінде ұнайды — ақылды ойыншы. Оның стиліне Испания чемпионаты да жарасып тұр. ЦСКА үшін де жақсы ойыншы болған. Кейбір матчтарда команданы алып шықты. Ең бастысы — ол әлем чемпионатына қатысады”, – деді Сафонов.

Аббос Файзуллаевтың маусымдық көрсеткіштері

2024/25 жылғы маусымда:

  • РПЛ-де 27 матч
  • 2 гол
  • 4 нәтижелі пас
  • Фонбет Ресей кубогының иегері

Қазір Аббостың ЦСКА-мен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.