
"Атырау" қаржы дағдарысына тап болды.
“Мұнайшылар” қаржылық қиындықтарға тап болып отыр. Бұл туралы клубтың спорт директоры Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, қазір командаға нақты қаржылай көмек ауадай қажет.
“Банк ЦентрКредит пен Freedom Bank — “Атыраудың” ықтимал серіктестері. Бұл аз да болса, біз үшін маңызды қолдау”, – деп жазды Сыдықбек.
Сыдықбек тек қаржыны емес, клубтың спорттық тағдырын да өз мойнына алып отыр. Ол команданың Премьер-лигадағы жағдайына алаңдап, антикризистік менеджер ретінде клубты тұйықтан алып шығуды мақсат еткенін мәлімдеді.
“Мен клубқа шын ниетпен, дағдарысқа қарсы менеджер ретінде келдім. Бірақ жағдайдың ауқымын толық түсінбеппін. Тәртіп орнатуға көп күш пен қаржы кетті”, – дейді ол.
“Атырау” футбол клубы — елдің батысындағы аттас қаладан шыққан команда. Клуб 2009 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алған, ал ел чемпионатында екі рет күміс жүлде иеленген. Матчтарын “Мұнайшы” стадионында өткізеді.
Алайда биылғы маусым клуб үшін сәтсіз өтіп жатыр:
Бұл жағдайдан шығу үшін қаржылай демеу — басты қажеттілік болып тұр.