ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

ҚПЛ клубы футболшылардың жалақасына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қызылорданың "Қайсар" клубы ойыншылар мен қызметкерлердің жалақысына байланысты әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа жауап берді.

ҚПЛ клубы футболшылардың жалақасына қатысты ресми мәлімдеме жасады
instagram/@fckaysar_official

Ресми мәлімдеме

Клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында төмендегідей хабарлама таратты:

"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында "Қайсар“ ФК ойыншыларына жалақы төлемей жатыр деген жалған ақпарат тарап жатыр.

Клуб мәлімдейді: бұл дерек шындыққа жанаспайды. Қазір футболшылар, жаттықтырушы құрамы, футбол орталығы мен ішкі персонал айлықтарын уақытылы алып отыр және өз жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда.

Тағы да қайталаймыз: бұл ақпарат жалған. БАҚ өкілдерін тек ресми дереккөзге сенуге шақырамыз және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз".

Бұған дейін не болған еді?

Бұған дейін кейбір басылымдарда "Қайсар" футболшылары мен клуб қызметкерлеріне жалақы мен сыйақы төленбеді деген хабар тараған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.