"Реал" жұлдызы ұлымен ойнап жүріп жарақат ала жаздады (ВИДЕО)
Федерико Вальверде үйінде баласымен ойнап жүріп, абайсызда арқасымен құлап қалды. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жанкүйерлерді алаңдатты.
Әлеуметтік желідегі видео
Видео кадрларында уругвайлық футболшы ұлымен бірге доп теуіп ойнап жүргені көрінеді. Бір сәтте Вальверде сүрініп, еденге құлап түседі.
Көрген жанкүйерлер пікір қалдырып, өз уайымдарын білдірді:
- "Феде, абай бол, жарақат алып қалма, бізге осы маусымда қажетсің!"
- "Ертең ол қалай ойнайды?"
- "Менің анам айтатын еді: бұл – жалаңаяқ жүргенің үшін", – деп жазды қолданушылар.
Қызықты сәт
Видео соңында кішкентай ұлы жерде жатқан әкесіне жақындап келіп, қолынан бірнеше рет тепкен. Бұл көрініс жанкүйерлерді күлкіге қарық қылды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.