
Жаңа арена 35 мың көрерменге арналған, УЕФА талаптарына сай болады.
Алматыда 35 мың көрерменге арналған, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келетін жаңа халықаралық футбол стадионы бой көтермек. Жобамен қала әкімі Дархан Сатыбалды арнайы танысты.
Дизайнерлердің айтуынша, жаңа арена тек негізгі ойын алаңымен шектелмейді. Жоба аясында:
Стадион Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, шамамен 15 гектар аумақта салынады. Бұл аймақ болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, жанкүйерлер мен қонақтарға барынша қолайлы жағдай жасамақ.
Әкімнің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы басталады.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы дайындық жұмыстары жүргізіледі. Болашақта бұл жерде метро станциясы мен Алматы логистикалық хабы салу жоспарланып отыр», – деді Дархан Сатыбалды.
Сонымен қатар, 65 жылдан астам тарихы бар Алматыдағы Орталық стадион да қала спорт инфрақұрылымынан жоғалмайды. Ол жеңіл атлетика талаптарына сәйкес жаңғыртылып, спорт тарихының бір бөлігі ретінде сақталады.