
"Селтикке" қарсы қарымта ойынға негізгі құрамның бірнеше ойыншысы алаңға шықпайды.
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы қарымта ойын алдында кадрлық қиындықтарға тап болды. Команданың негізгі шабуылшысы, бразилиялық Эдмилсон жаттығу кезінде жарақат алып, алаңға шығу мүмкіндігінен айырылды.
Бұл жағдайдан кейін бас бапкер Рафаэль Уразбахтин алдағы матчта шабуыл шебінде Рикардиньо мен 18 жастағы жас талант Рамазан Багдатқа сенім артуы мүмкін.
Ал қорғаныс шебінде португалиялық қорғаушы Луиш Мата медициналық штабпен кеңесе отырып, алаңға шығуға шешім қабылдады. Ол ойын барысында ауырсынуды басатын дәрілер қолданатын болады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» бұған дейін де бірнеше негізгі футболшысынан айырылған еді. Александр Заруцкий мен Гиорги Зария жарақатына байланысты матчқа қатыспайды, ал Дастан Сәтпаев дисквалификацияға ұшырағандықтан алаңға шықпайды.
«Қайрат» – «Селтик» арасындағы шешуші кездесу 26 тамыз күні Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді. Ойынның басталуы – сағат 21:45, Қазақстан уақытымен.