"Зенит" Нұралы Әліппен бірге 8 гол соғылған матч өткізді (ВИДЕО)
Санкт-Петербургтің "Зениті" Ресей кубогының РПЛ жолы аясындағы топтық кезеңнің үшінші турында "Оренбургті" сенімді түрде жеңді. Кездесу жанкүйерлерге нағыз голдар мерекесін сыйлады. Барлығы сегіз доп соғылды.
Нұралы Әліптің ойыны
Матч 3:5 есебімен петерборлықтардың пайдасына шешілді. Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп матчты негізгі құрамда бастап, 83-минутта алмастырылды. Оның сенімді ойыны "Зениттің" қорғаныстағы тұрақтылығын күшейтті.
Матч туралы
Ойын өте қарқынды өтті. Алғашқы минуттардан-ақ "Зенит" басымдықты өз қолына алып, бірінші таймда төрт гол соғып үлгерді. "Оренбургте" қарымта жауап беріп, есепті қысқартты. Бірақ петерборлықтар жеңісті қолдан шығармады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.