Алматылықтар өз алаңында Шотландияның "Селтик" клубын қабылдады.
Ойын басталғаннан-ақ қос команда сақ ойнады. Бірінші таймда әр ұжым бір-бір қауіпті сәт ұйымдастырды. Қақпашы Темірлан Анарбеков командасын бірнеше қиындықтан құтқарып, бірінші таймды нөлдік есеппен аяқтады.
Үзілістен кейін "Қайрат" айып добын орындауға мүмкіндік алды. Бірақ Жоржиньо оны сәтті пайдалана алмады. Матчтың соңына қарай "Селтик" шабуылшысы Дайдзэн Маэда қақпашымен бетпе-бет шыққанымен допты жоғары тепті. Қосымша уақытта да Анарбеков қазақстандық жанкүйерлерді шебер сейвтерімен қуантты.
Нәтижесінде шешуші сәт пенальти сериясында анықталды. Мұнда алматылықтар мықтылығын көрсетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.