"Қайрат" Чемпиондар лигасында қанша табыс тапты?
Алматының "Қайрат" клубы жанкүйерлерін қуантқан сенсация жасап, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Бұл жетістік Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға болды.
instagram/@f.c.kairat
Іріктеудегі жолы
Алматылық команда топтық кезеңге дейін бірқатар мықты қарсыластарды жарыстан шығарды:
- "Олимпия" (Словения) — қос ойын қорытындысы 3:1
- КуПС (Финляндия) — 3:2
- "Слован" (Словакия) — 1:1 (пенальтиде 4:3)
- "Селтик" (Шотландия) — 0:0 (пенальтиде 3:2)
Осы нәтижелердің арқасында "Қайрат" негізгі кезеңге жолдама алды.
Қаржылай табыс
UEFA ережесіне сәйкес, топтық кезеңге шыққан клубтар қомақты сыйақы алады. "Қайраттың" табысы – 18,62 миллион еуро (шамамен 11,6 миллиард теңге).
Бұдан бөлек, топтық кезеңдегі әр нәтиже де клубтың табысын еселейді:
- Жеңіс үшін — 2,1 миллион еуро (1,3 миллиард теңге)
- Тең ойын үшін — 700 мың еуро (436 миллион теңге)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet