Жаңа ойыншымен толыққан Қазақстан құрамасы Астанада жиналды (ФОТО)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастап кетті.
instagram/@kff_team
Құрама толық жиналған жоқ, бірақ жаңа есім бар
Команда әзірге толық құрамда емес, алайда Астанада алғашқы жаттығуларын бастады. Ең басты жаңалық – ел құрамасына алғаш рет шақыртылған ”Ордабасы” клубының жартылай қорғаушысы Муроджон Халматов дайындық базасына қосылды.
Қайда және қашан ойнайды?
- 4 қыркүйек – Қазақстан құрамасы Астанада Уэльспен кездеседі;
- 7 қыркүйек (түнде 8-іне қараған) – сырт алаңда Бельгияға қарсы ойнайды.
Қазір Әли Әлиевтің шәкірттері үш матчта үш ұпай еншілеп отыр. Жалғыз жеңіс сырт алаңдағы Лихтенштейнге қарсы (2:0) ойында тіркелген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet