
"Бешікташ" ресми сайтында жаңа бас бапкерді таныстырды. Команданы енді 52 жастағы Серген Ялчын басқармақ. Маманмен келісімшарт 2026/27 маусымының соңына дейін жасалды.
Өткен жұмада "Бешікташ" норвегиялық Уле-Гуннар Сульшерді қызметінен босатты. Бұл шешім команданың Конференция лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық "Лозаннаға" (1:1, 0:1) жол берген соң қабылданды.
Серген Ялчын бұған дейін де "Бешікташты" жаттықтырған. Ол 2020/21 маусымында командаға Түркия чемпионатын және ел кубогын жеңіп әперген. Соңғы клубы "Антальяспор" болған. Оның қайта оралуы қара-ақтылар жанкүйерлеріне үміт сыйлап отыр.
Айта кетейік, шілде айының соңында қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов "Бешікташтан" Мәскеудің "Динамосына" ауысқан еді. Бұл трансфер түрік клубының құрамын әлсіретіп, бапкерлік өзгерістерге де әсер еткен факторлардың бірі саналады.