
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда Бельгиядан аса ірі есеппен жеңіліс тапты.
Бірінші минутта Әлібек Қасым алыстан соққы жасап көргенімен, допты Тибо Куртуа қиналмай қайтарды. Бұдан кейін алаң иелері басымдықты толығымен өз қолына алды. Қақпашы Мұхамеджан Сейсен бірнеше қауіпті соққыны қайтарғанымен үзіліске дейін Кевин Де Брюйне шебер соққысымен есеп ашты. Артынша Жереми Доку қақпаны дәл көздеп, айырмашылықты ұлғайтты.
Екінші тайм бастала сала Қазақстан құрамасына Ислам Чесноков пен Дастан Сәтпаев қосылды. Бірақ өзгеріс болған жоқ. 52-минутта Николас Раскин жақын қашықтықтан гол соқты. Кейіннен Доку дубль жасап, Де Брюйне де екінші голын тіркеді. Соңғы нүктені Тома Менье қойды – 6:0.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 қазан күні өз алаңында Лихтенштейнге қарсы өткізеді.