Әли Әлиев отставкаға кетті (ВИДЕО)
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кетті. Ол мұндай шешімді Бельгиядан ойсырай ұтылғаннан кейін қабылдады.
«Бұл – менің кінәм»
Әлиев Брюссельде өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында отставкаға кететінін ресми түрде мәлімдеді:
«Бәріне мен жауаптымын. Бұл жеңіліс – менің кінәм. Оны толық өз мойныма аламын. Елге оралған соң бірден президентке хабарлап, өтінішімді жазып тапсырамын», – деді ол.
Сәтсіз іріктеу кезеңі
Қазақстан құрамасы Әли Әлиевтің жетекшілігімен іріктеудің бес ойынында бар болғаны үш ұпай жинай алды.
Жеңілістер: Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1), Солтүстік Македония (0:1).
Жеңіс: топтағы басты аутсайдер Лихтенштейнге қарсы (2:0).
Әли Әлиев – Қазақстан құрамасының 22-бас бапкері
Ұлттық құраманы әр жылдары 22 маман басқарған.
44 жастағы отандық маман Әли Әлиев Қазақстан ұлттық футбол құрамасының тарихындағы 22-бас бапкер болған.
Тарихқа шолу
Қазақстан құрамасын әр жылдары 12 қазақстандық және 10 шетелдік бапкер басқарған.
Ең ұзақ жұмыс істеген маман – чехиялық Мирослав Беранек, ол құраманы 2 жыл 8 ай жаттықтырды.
Ең қысқа мерзімде еңбек еткен – Владимир Фомичев. Бар болғаны бір матч.
Ең көп ойын өткізген бапкерлер
- Арно Пайперс (Нидерланд) – 36 матч (2006–2008)
- Мирослав Беранек (Чехия) – 24 матч (2011–2013)
- Магомед Адиев (Ресей) – 21 матч (2022–2024)
- Серік Бердалин – 20 матч (1995–1997)
- Михал Билек (Чехия) – 18 матч (2019–2020)
Ең үздік нәтижелер көрсеткендер
Ұлттық құрама бапкерлерінің табыстылығын жинаған ұпай пайызы арқылы бағалағанда көшбасшылар мынадай:
- Бақтияр Байсеитов – 71,4%
- Вахид Масудов – 59,3%
- Воит Талғаев – 55,6%
- Магомед Адиев (Ресей) – 54,0%
- Андрей Карпович – 50,0%