
Футболшы допинг-тесттен сүрінді.
Испанияның «Атлетик Бильбао» клубының негізгі қорғаушысы Ерай Альварес УЕФА тарапынан ауыр жазаға тартылды. Ол допинг-тестен сүрініп, футболдан 10 айға дисквалификация алды.
Оқиға мамыр айында «Манчестер Юнайтедке» қарсы өткен матчтан кейін орын алды. Альварестің тапсырған сынамасынан тыйым салынған заттар табылды. Осыған байланысты УЕФА ресми түрде шешім шығарып, футболшыны барлық ресми кездесулерден шеттетті.
Бұл дисквалификация тек еурокубоктарға ғана емес, ішкі біріншіліктерге де қатысты. Яғни, Альварес 10 ай бойы Ла Лига мен Кубок матчтарына қатыса алмайды. Бұл жағдай «Атлетик Бильбао» үшін үлкен соққы, өйткені қорғаушы клубтың негізгі тіректерінің бірі саналатын.
«Атлетикке» енді маусымның қалған бөлігінде қорғаныс шебін қайта құруға тура келеді.