
24 жастағы литвалық қорғаушы Кипрас Кажуколовас тағы да ауыр жарақат алды. Мансабына тікелей қауіп төндіріп тұр.
24 жастағы литвалық қорғаушы Кипрас Кажуколовас тағы да ауыр жарақат алды. Футболшының тізесі қайта сыр берді.
Бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін ол «Брайтон» сапында ойнаған кезде байламдарынан бөлек сіңірін де үзген еді. Литвалық ойыншы бірнеше рет ота жасатып үлгерді.
«Шын мәнінде, оның тізесіне екі немесе үш рет ота жасалған. Бұл жарақат мансабына нүкте қоймайды деп сенемін. Бірақ жағдай шынымен қиын», – деді Балтық өңіріндегі дереккөз.
Кажуколовас биылғы маусымда Еурокубоктағы «Лозаннаға» қарсы ойында (0:2) қателік жіберіп, сынға ұшыраған еді. Кейін «Ұлытауға» қарсы матчты (4:0) да өткізіп алды.
Дегенмен, командаластары оны қолдаудан бас тартқан жоқ. «Қайсарға» қарсы кездесуде (5:1) «Астана» ойыншылары гол тойлау кезінде 5-нөмірлі жейдені көтеріп, жарақат алған әріптесіне рух берді.
Кипрас Кажуколовас «Астанаға» 2024 жылдың ақпанында қосылды. Сол уақыттан бері барлық турнирде 58 матчқа қатысып, үш гол соқты. Бірақ жарақаттар оның тұрақты ойыншы ретінде орнығуына кедергі болып тұр.