ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстан құрамасының жас жұлдызы Испанияның топ-клубына ауысты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-15) шабуылшысы Сәлім Хасанов Испанияның беделді клубы «Вильярреалға» ауысты.

Қазақстан құрамасының жас жұлдызы Испанияның топ-клубына ауысты
Meta-raitings.kz

«Валенсия» да қызығушылық танытқан

Хасанов бұған дейін «Қайрат» жүйесінде жаттығып, жақында «Леванте» академиясына қосылған еді. Дегенмен «Вильярреал» жас талантты өз қатарына қосуға бел буып, футболшыны сатып алды әрі оған арнайы шәкіртақы тағайындады. Айта кетейік, Сәлімге «Валенсия» да қызығушылық танытқан, алайда «сары суасты қайығы» (Villarreal) табандылық танытып, бәсекелестерін артта қалдырды. Бұл туралв BorodAbata.kz жазады. 

Жас ойыншыға үлкен мүмкіндік

Футболшының әкесінің айтуынша:

«Қазір Сәлім өз жасындағы командада ойнап жүр. Бірақ егер ойынымен бапкерлерді сендірсе, жасы үлкендер құрамына ауыстырылуы мүмкін».

Осылайша «Леванте» сапында қазақстандықтардан тек 17 жастағы Шыңғыс Қалиев пен Алдияр Нұрғали қалды.

«Вильярреалдың» жетістіктері

«Вильярреал» – 2020/21 жылғы маусымда Еуропа Лигасының жеңімпазы болды. Қазір команда Ла Лига турнир кестесінде үшінші орында келе жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.