Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Беллингемнің голы Қазақстанды қапы қалдырды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.09.2025, 22:10

Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Англиямен кездесті. Ойын Ақтөбедегі Орталық стадионда өтті. 

Ақтөбедегі шешуші кездесу

Ағылшындар алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолына алды. 18-минутта Итан Нванери есеп ашса, араға бес минут салып, атақты футболшы Джоб Беллингем таблодағы көрсеткішті 0:2-ге жеткізді.

Қазақстан құрамасы бірінші тайм соңына қарай алға ұмтылып, бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. Дегенмен нақты соққы жетіспеді.

Екінші таймдағы тартыс

Ойынның екінші жартысында қазақстандық жастар тепе-тең ойын өрнегін көрсетті. Бірақ қарсыластың қорғанысын бұзып өту мүмкін болмады. Есеп өзгермей, матч 0:2 есебімен аяқталды.

Құрамдар

Қазақстан U-21: Талыспаев, Мрынский, Асқаров, Кәрімов, Мырзағалиев, Нұрымбет, Жақсылық, Байдәулетов, Байбек, Труфанов, Бағдат.

Англия U-21: Бидл, Диблинг, Ачеампонг, Нортон-Каффи, Грей, Хиншелвуд, Нванери, Беллингем, Майли, Мубама, Гиттенс.

Қазақстан U-21 құрамасы келесі ойынын 9 қазанда Андорраға қарсы сырт алаңда өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір