
Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлік құрамы ресми түрде жарияланды.
Ұлттық құраманың бас бапкері міндетін Талғат Байсұфинов атқаратын болды. Оған көмекші ретінде Иван Азовский, Марат Еслямов, Әли Әлиев және Елдос Ахметов тағайындалды. Қақпашылар бапкері қызметін Олег Воскобойников атқарады, ал физикалық дайындық бойынша маман — Максим Зуев. Сонымен қатар бапкер-сарапшы ретінде Могамед Нозадзе құрамға қосылды.
Қазақстан құрамасы қазан айында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі матч өткізеді.
10 қазанда Астанада біздің құрама Лихтенштейнмен ойнайды.
Ал 13-тен 14 қазанға қараған түні Скопьеде Солтүстік Македония құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, бұл кездесулер Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатына іріктеу науқанындағы шешуші сынақтардың бірі болмақ.