
Ұлттық құраманың толық құраммен жаттығуы басталды.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың жаттығуына байланысты жаңа бейнежазба жариялап, Дастан Сәтпаевтың жағдайына қатысты ресми ақпарат таратты.
Видеода Бақтиер Зайнутдинов, Георгий Жуков, Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Ғалымжан Кенжебек және басқа да ойыншылардың «Астана Арена» стадионында жаттығу алаңына шыққан сәті көрсетілген.
Құрама парақшасында келесідей хабарлама жарияланды:
«Енді біз толық құрамдамыз. Дайындық барлық ойыншылардың қатысуымен басталды.
P.S. Дастан Сәтпаев бүгін ұлттық құраманың базасына келеді және қосымша медициналық тексеруден өтеді.»
Бұл мәлімдеме Сәтпаевтың жарақатына немесе жаттығуға қатыспауына қатысты қауесеттерге нүкте қойды.
Талғат Байсұфинов баптайтын Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізеді: