Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Өте ақымақ ойыншы": Ресейлік маман Зайнутдинов туралы пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі

Ресейлік “ЦСКА” клубының және КСРО құрамасының ардагері Владимир Пономарёв Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновты сынға алды. 

"Өте ақымақ ойыншы": Ресейлік маман Зайнутдинов туралы пікір білдірді
Бақтиер Зайнутдинов. Фото: ФК "Динамо"

Ол Мәскеудің “Динамо” клубының бас бапкері Валерий Карпин оны қорғаушы ретінде неге пайдалануды жалғастыра береді? деген сұраққа жауап берді.

Пономарёвтің айтуынша, Зайнутдиновтың ойында кейде шешімдері дұрыс болмайды.

“Мен оны түсінбеймін. Ол “ЦСКА”-да жүргенде мен: “Оны өз қақпа аймағыңа кіргізбеңіз, 11 метрлік пенальти жасай салуы мүмкін“ деп ескертетінмін. Ол өте ақымақ ойыншы, бірақ өзін-өзі құрбан ету қасиеті бар. Ал Карпин қорғанысқа мән бермейді деп ойлаймын.“ – деді Пономарёв.

Сондай-ақ, Пономарёвтің пікірінше, Зайнутдиновтың өзін-өзі құрбан ету қасиеті мен команда үшін атқарған қызметі бағалануы мүмкін, бірақ кәсіби деңгейде кейбір шешімдері сынға ұшырайды.

Естеріңізге салсақ, мәскеулік клуб сапына жазда өткен Бақтиер Зайнутдинов осы маусымда РПЛ-де 7 ойын өткізіп үлгерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір